Қазақстан мен Моңғолия ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық орнатады
Қазақстан мен Моңғолия арасында ауыл шаруашылығында ынтымақтастық күшейтіледі.

Қазақстан мен Моңғолия арасында ауыл шаруашылығы бойынша ынтымақтастықты нығайту үшін жұмыс тобы құрылатын болады. Әріптестіктің басым бағыттарына асыл тұқымды ұсақ мал жеткізуді және тері мен жүнді қайта өңдеу бойынша бірлескен жобаларды дамыту мәселелері талқылануда - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
- Ауыл шаруашылындағы ықпалдастықтың негізгі мәселелері Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Моңғолияның Қазақстандағы елшісі Баярхуу Доржин арасында талқыланды.
- Тараптар сауда айналымын арттыру бойынша жұмысын күшейту туралы келісімге келді.
«Қазақстан мен Моңғолия ауыл шаруашылығында өзара тиімді ынтымақтастық үшін зор әлеуетке ие. 2024 жылдың қазан айында мемлекет басшысының Моңғолияға жасаған сапары барысында теріні және жүнді қайта өңдеу, ветеринария саласындағы екі меморандумға қол қойылды. Бұл екіжақты ынтымақтастықты дамытуға деген өзара міндеттемені көрсетеді» - деді Айдарбек Сапаров.
Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметтері бойынша, министр Қазақстан-Моңғолия үкіметаралық комиссиясының қазақ тарапынан тең төрағасы болып тағайындалды. Осыған байланысты, екіжақты тауар айналымын арттыру және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеткізілімдерін әртараптандыру жөніндегі мүмкіндіктерді қарастыру ұсынылды.
- Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы тауар айналымындағы үлесі 16% құрайды, бұл негізінен Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін Моңғолияға экспорттаумен байланысты.
- Баярхуу Доржин Қазақстанның астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығымен тәжірибе алмасуға мүдделі екендігін атап өтті.
Тараптар, сондай-ақ Қазақстанның астық экспортындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.