Алматыда екі әйел есірткімен ұсталды, күдікке ілінді
Алматыда есірткі заңсыз сақтау және сату күдігімен екі әйел ұсталды.
👁️ 17

Сурет: inalmaty.kz
Алматыда есірткі заңсыз сақтау және сату күдігімен екі әйел ұсталды. Бірі бұған дейін Қарағанды облысында тергеуші болып жұмыс істеген, — деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі 25 жастағы екі әйелдің ұсталғанын хабарлады. Олардың жалдамалы пәтерлерінен есірткі заттары тәркіленді.
- Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
- Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсталғандардың бірі бұрын тергеуші болып жұмыс істегенін растады.
- «Ол өткен жылдың тамыз айында ішкі істер органынан жұмыстан босатылды. Жұмысынан кеткен кезінде қызметтік куәлігін жоғалтқанын хабарлады», — деп атап өтті ведомство.