Алматыда ірі алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды

Алматыда алаяқ ретінде іздеуде болған азамат ұсталды.

👁️ 18
Сурет: inalmaty.kz

Алматыда халықаралық іздеуде болған ірі алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі. Ұсталуын криминалдық полиция қызметкерлері жүзеге асырды.

2023 жылдың қараша айында алаяқ кәсіпкерлік қызметті пайдаланып, тендерге қатысу арқылы жәбірленушіге үлкен пайда әкелуге уәде беріп, 76 миллион теңгеден астам қаражат пен Lexus 570 автокөлігін алып кеткен. Заң сақшыларының айтуынша, күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылған.

Оған дейін Алматыда егде жастағы азаматтарға алаяқтық жасаған адам іздестірілген болатын. Псевдоюрист жәбірленушілерге несие төлеуге көмектесемін деп, қарыздардан құтылатынын уәде берген.