Түркістан облысында жаңа бройлерлік құс фабрикасы 48 мың тонна өнім шығарады

Түркістан облысында жаңа бройлерлік құс фабрикасы салынады.

👁️ 19
Сурет: eldala.kz

«Каркын Трейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Түркістан облысында жылына 48 мың тонна ет өндіруге қабілетті вертикальді интеграцияланған бройлерлік құс фабрикасын салады - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.

Бұл кәсіпорын жылына 12 мың тонна дайын өнім шығаратын ет өңдеу зауытын және 2 мың бас малды бордақылау алаңын қамтиды. Өндіріс қуатын кеңейту жобасы 5 жылға жоспарланған.

Жобаның кезеңдері

  • 2026 жылы 16 мың тонна құс етін өндірудің бірінші кезеңі енгізіледі;
  • 2028 жылы өндіріс қуаты 32 мың тоннаға дейін жеткізіледі;
  • 2030 жылы 48 мың тоннаға жетеді.

«Жобаны жүзеге асырудың барлық аспектілерін қамтитын егжей-тегжейлі бизнес-жоспар жасалды. Инвесторлармен және қаржы институттарымен келіссөздер жүргізілді», - деп мәлімдеді министрлік.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, жоба ішкі және сыртқы нарықтардағы құс етіне деген өсіп жатқан сұранысты қанағаттандыруға бағытталған.