Кандыағаштағы жол апатынан 25 жастағы жүргізуші қайтыс болды

18 ақпан кешкісінде реанимацияда 25 жастағы ер адам қайтыс болды.

👁️ 18
Сурет: aktobetimes.kz

18 ақпан кешкісін реанимацияда 25 жастағы ер адам қайтыс болды - хабарлайды Актобе Таймс. Естеріңізге сала кетейік, сол күні түстен кейін Кандыағаштан шығатын жолда «Toyota RAV4» маркалы автокөлігі жүргізушісі басқаруды жоғалтып, жолдағы қоршауға соғылып, ауыр жарақат алды.

Оқиға орнында түсірілген видео материалдарда автокөліктің алдыңғы әйнегінің сынғаны және ішке кіргені көрінеді. Жүргізушіні Мұғалжар аудандық ауруханаға жеткізгенімен, облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, кешкі уақытта ол реанимацияда қайтыс болды.

Автор: Аяулым М.