Қазақстан мен Иран ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан мен Иран ауылшаруашылық ынтымақтастығын нығайтуда.

👁️ 29
Сурет: eldala.kz

Вице-министр Ермек Кенжеханұлы Иранның Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джоукармен ауылшаруашылық салаcындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады - деп жазады eldala.kz тілшісі.

  • Ермек Кенжеханұлы инвестиция көлемін арттыру және ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда айналымын көбейту мақсатында Иранмен тығыз жұмыс істейтінін айтты.
  • Сонымен қатар, Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға ниетті ирандық инвесторларға қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.
  • 2022 жылы Қазақстан Иранға 1 миллион тонна астық экспорттағанын атап өтті.

Вице-министр кездесуде екі тараптың өзара әрекеттестігі үшін негіз бола алатын негізгі салаларды анықтады. Олардың ішінде азық-түлік өндіру және өсімдік шаруашылығы бар.

Али Акбар Джоукар Қазақстан мен Иран арасындағы қатынастардың дамуын әрі қарай жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның балық шаруашылығына қызығушылық білдірді.

Кездесуге қатысушылар өзара пайдалы бастамаларды талқылап, белсенді байланысты қолдауға дайын екендіктерін растады.

Кездесудің аяқталуына орай Ермек Кенжеханұлы Иран елшісін және әлеуетті инвесторларды қазан айында Астанада өтетін KazAgro/KazFarm халықаралық көрмесіне шақырды.