Ақтөбеде алкоголь сататын 34 кәсіпкер жауапқа тартылды

Ақтөбе қаласында алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан кәсіпкерлер анықталды.

👁️ 10
Сурет: aktobetimes.kz

17-23 ақпан аралығында жүргізілген рейд барысында полиция қызметкерлері 1000-нан астам алкоголь өнімдерін тәркіледі. Бұл тексеріс алкогольдік масаң күйде жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында жүзеге асты, - деп хабарлайды Актобе Таймс.

Полиция департаментінің мәліметтері негізінде, бір апта ішінде алкогольді заңсыз сатумен айналысқан 34 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында 3 көңіл көтеру мекемесі, 4 алкомаркет және 27 дүкеннің иелері бар. Спиртті өнімдерді сату саласындағы 31 заң бұзушылық фактісі анықталды (ӘҚБТК-ның 200-бабы). Мәселен, түнгі клубтардың бірінде 21 жасқа толмаған тұлғаға сыра сату фактісі тіркелді, мекеме иесіне айыппұл салынды.

Сондай-ақ, лицензиясыз алкогольдік өнім сату бойынша 12 оқиға орын алған (ӘҚБТК-ның 463-бабы). Полиция қызметкерлері кең ассортиментте алкогольдік асортименттерді, мысалы, арақ, сыра және шарапты тәркіледі.