Алматыда Мемориал Славы айналасы жаңартылады

Алматының Мемориал Славы айналасында қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

👁️ 16
Сурет: inalmaty.kz

Алматыда 28-гвардиялы Панфиловшылар паркі маңында Мемориал Славы айналасындағы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған, - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.

Алматы әкімдігі мәліметі бойынша, жұмыстар гранит және тас плиткалары мен брусчаткалардың тозуын бағалаған комиссияның шешімі негізінде басталған. «Мемориалдық кешен 50 жыл бойы жұмыс істеп келеді, осы уақыт ішінде гранит жабыны, брусчатка және тас плиткалары айтарлықтай тозған, жарықтар мен жергілікті бүлінулер пайда болған. Мұнда жөндеу жұмыстары 20 жылдан астам уақыт бойы жүргізілмеген»,- деді Алматы әкімдігі.

  • Әкімдік қалпына келтіру жұмыстарын тарихи келбетін сақтау және оны бастапқы түріне қайтару арқылы өткізілетінін жеткізді.
  • Жұмыстар арасында гранит плиталарын пневматикалық аппаратпен тазалау, Мәңгілік алау постаментінің айналасындағы гранит плиталарын тазалау мен жаңарту, сонымен қатар мемориалдық кешен мен Вознесенский соборы арасында брусчаткаларды ауыстыру қарастырылған.

Жұмыстардың аяқталуы ағымдағы жылдың сәуіріне жоспарланған. Әкімдік өткен күзде Казыбек би көшесі жағынан және Панфилов ескерткіші маңындағы паркті жөндеу жұмыстары жүргізілгенін еске салды. Осы учаскеде 500 шаршы метрде гранит плиткалары төселіп, пандустар орнатылды және жаңбыр суы жүйесі құрылды.