Алматыда ауа райы 27 ақпаннан 1 наурызға дейін: жаңбыр мен қар
Алматының ауа райы болжамы туралы ақпарат.
👁️ 28

Сурет: inalmaty.kz
27 ақпаннан 1 наурызға дейін ауа райы болжамын РГП «Казгидромет» мамандары ұсынды. - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
27 ақпан
- Түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
- Кей уақыттарда тұман, жолдарда мұз болады.
- Солтүстік-батыстан басталып, солтүстік-шығысқа ауысатын жел 2-7 метр секунд жылдамдықпен есетін болады.
- Түнде ауа температурасы -4-6°C, күндіз 0-2°C болады.
28 ақпан
- Күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
- Түнде және таңертең тұман, жолдарда мұз болады.
- Солтүстік-шығыстан 2-7 метр секунд жылдамдықпен жел соғады.
- Түнде ауа температурасы -5-7°C, күндіз 0-2°C болады.
1 наурыз
- Ауа райы айнымалы бұлтты, түнде қар жауады.
- Түнде және таңертең тұман, жолдарда мұз болады.
- Шығыс бағытынан 2-7 метр секунд жылдамдықпен жел соғады.
- Түнде ауа температурасы -3-5°C, күндіз 2-4°C болады.