Қазақстанда ауыл шаруашылығын дамытуға жаңа бағдарлама іске қосылды

Қазақстанда 2023 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Бағдарлама бастапқыда тауарлы-сүт фермаларын қаржыландыруға бағытталған - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
Бағдарламаның аясында қазіргі уақытта құс фабрикалары, ет шаруашылығы, көкөніс сақтау қоймалары, суару жобалары сияқты бағыттар да қамтылды. Министрліктің жоспары бойынша, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров үкімет отырысында жобалардың басымдығын қайта қарау туралы хабарлады.
200 миллиард теңге бөлінді
Бағдарламаның аясында ағымдағы жылы 141 инвестициялық жобаны іске асыру үшін 200 миллиард теңге бөлініп отыр.
«Бұл бағдарлама импортқа тәуелділікті төмендетуге бағытталған. «Байтерек» ұлттық холдингімен байланысты жоспарларды ескере отырып, ауыл шаруашылығы министрлігі бағдарламаның қаржыландыру бағыттарын қайта қарастырады», - деді Айдарбек Сапаров.
Сондай-ақ, ол 2026 жылдан бастап ауыл шаруашылығын субсидиялаудан жеңілдетілген кредитке көшу үшін, инвестициялық жобалардың басымды бағыттарында қаржы институттарына тікелей субсидиялау механизмін кеңейтуді жоспарлайтынын атап өтті. Бұл инвесторларға жеңіл «ұзақ» кредиттерді ұсынуға мүмкіндік береді.
Импортқа тәуелділік пен бағаны тұрақтандыру
«Байтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Карагойшин ауыл шаруашылығындағы жобаларды қаржыландыру басымдықтарының импортқа тәуелділікті төмендету мен азық-түлік бағаларын тұрақтандыру міндетіне сәйкес анықталатынын мәлімдеді.
«Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге және әлеуметтік маңызды тауарлар бойынша азық-түлік өндіруге, суару жүйелерін енгізуге, жабық жерлерде көкөніс өсіруге, өндірістік-сату инфрақұрылымын дамытуға, жем өндірісін қолдауға арналған жобалар қаржыландырылады», - деп нақтылады «Байтерек» басшысы.