Алматыда ауа райы: жаңбыр, қар және тұман күтілуде
Алматыда келер үш күнде жаңбыр мен қар жауатыны хабарланды.
👁️ 19

Сурет: inalmaty.kz
Жақын үш күн ішінде оңтүстік астанаға жауын-шашын болжанып отыр, - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі. Синоптиктердің мәліметтері бойынша, 7 наурызда күндіз жаңбырмен қар жауады.
7 наурыз
- Кешке тұман, жолдарда мұз болады.
- Батыстан соғатын жел 5-10 м/с, күндіз 18 м/с-ке дейін күшейеді.
- Ауа температурасы түнде 0 шамасында, күндіз 5-7 градус жылы болады.
8 наурыз
- Түнде және таңертең қар жауып, жолдарда мұз болады.
- Кейде тұман; жел солтүстік-батыстан 3-8 м/с соғады.
- Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы болады.
9 наурыз
- Келесі күні де жауын-шашын күтілуде.
- Кейде тұман, жолдарда мұз болады. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с соғады.
- Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы болады.
Алматы тұрғындары мен қонақтарына ауа райына дайын болуды ұсынамыз.