Манчестер Сити Абдукодир Хусановты тез арада қатарға қосады

Манчестер Сити клубы қорғаушы Хусановты командаға қайтара жоспарлап отыр.

👁️ 2
Сурет: vesti.kz
Англияның "Манчестер Сити" клубы Өзбекстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусановты халықаралық матчтардан кейін тез арада өз құрамына қайтаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды vesti.kz.

Өзбекстан ұлттық құрамасы 25 наурызда Тегеранда Иранмен әлем чемпионатының үшінші іріктеу раундында кездеседі.

Осы ойынан кейін "Манчестер Сити" Хусановты клубқа қайтару үшін Тегеранға бизнес-джет жібереді.

30 наурызда Хосеп Гвардиола шәкірттері Англия Кубогының ширек финалында "Борнмутқа" қонаққа аттанады.

Бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Улугбек Асанабев Хусановтың Ташкентке келгеннен кейін оған сәнді сыйлық жасағаны белгілі болды.

Абдукодир Хусанов, Улугбек Асанабев