Қазақстан ұлттық құрамасының жас жұлдызы Дастан Сатпаев дебют жасады
Қазақстан ұлттық құрамасының жас ойыншысы Дастан Сатпаев халықаралық дебютін жасады.

Қазақстан ұлттық құрамасының тарихындағы ең жас ойыншы Дастан Сатпаев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің алғашқы турында Уэльсқа қарсы өткен матчқа (1:3) қатысты. Екінші таймда "Қайрат" футболшысы Максим Самородовтың орнына алаңға шықты, деп хабарлайды vesti.kz.
Сатпаев әлеуметтік желіде: "Армандар орындалады. Халықаралық дебют. Аллаға шүкір", - деп жазды.
Еске салайық, 16 жастағы Сатпаев Лондонның "Челси" командасымен келісімшартқа отырған. Ол 18 жасқа толғаннан кейін, 2026 жылдың тамызында Ұлыбритания астанасына аттанатын болады. Биылғы маусымда "Қайратта" үш матч өткізіп, бір гол соқты.
Сатпаев алаңға есеп 1:2 болып Уэльс командасының пайдасына шыққанымен, командасына көмектесе алмады. Ойынның қорытынды есебі - 1:3 уэльстіктердің пайдасына.
Фото: КФФ, Алексей Сисенбин