Джонатан Дэвид "Барселонада" ойнауды армандайды
Канадалық шабуылшы Джонатан Дэвид "Барселона" клубында ойнауға қызығушылық танытты.
👁️ 17

Сурет: vesti.kz
vesti.kz сайтындағы ақпаратқа сәйкес, канадалық шабуылшы, француздық "Лилль" клубының ойыншысы Джонатан Дэвид армандаған клубын атады. Футболшының айтуынша, ол "Барселона" құрамында ойнауға ынталанып отыр.
Бұл туралы форвард YouTube арнасындағы It's Called Soccer подкастында мәлімдеді.
"Барселона" - менің балалық шағымда қолдаған командам. Сен белгілі бір команданың ойындарын тамашалап, өсіп келе жатқанда, сол командада ойнауды армандайсың,"- деп мойындады ойыншы.
Бұл маусымда Дэвид "Лилль" құрамында барлық турнирлерде 41 матч өткізді, 23 гол соғып, 10 асист жасаған. Оның 23 голының тоғызын Чемпиондар лигасында тіркеді. Сонымен қатар, шабуылшы Канада құрамында 60 матч өткізіп, 31 гол соқты.
Қызықтысы, Дэвид биыл жазда "Лилль" клубынан еркін агент ретінде кетуі жоспарлануда. Оның бағасы 45 миллион евро.