Ордабасы командасына жаңа ойыншы қосылды

Ордабасы клубында трансферлік өзгерістер жүзеге асырылды.

👁️ 20
Сурет: vesti.kz
“Ордабасы” 2025 жылғы КПЛ маусымына арналған ұжымды өзгерістер енгізді. Клубтан кеткен капитан Асхат Тагыбергеннің орнына Кабо-Верденің вингері Жоао Паулиньо қосылды, деп хабарлайды vesti.kz.

26 жастағы футболшы румынның "АЦСМ Поли Яссы" командасынан Шымкент клубына жалға көшті. Келісімнің мерзімі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды.

Ол бұған дейін Молдова, Португалия және Кабо-Верде клубтарында ойын өткізген. Өз елінің жастар құрамасында екі матч өткізіп үлгерді.

Сонымен қатар, 34 жастағы Тагыберген "Ордабасы" клубын тастап, "Тоболға" қосылғанын атап өтейік. Қостанай командасы жартылай қорғаушының қатарға қайта қосылғанын растады.