Джон Джонс Доминик Рейеске «реванш» шақырды
Джонс пен Рейес жаңа жекпе-жек туралы сөз қозғады

Джон Джонс бұрынғы қарсыласы Доминик Рейестің сөздеріне жауап берді. Ол Рейеске «тас, қайшы, қағаз» ойнауды ұсынды. хабарлайды fighttime.ru.
«Доминик, неге «тас, қайшы, қағаз» ойнамаймыз? Үш раунд, екі жеңіс болуы тиіс. Сонда сен мені бір нәрседе жеңе аласың, мен осы әңгімелерді келесі қырық жыл бойы тыңдаудан құтыла аламын».
2020 жылдың ақпанында Джон Джонс полутяжелдік салмақта чемпиондық белдігін сәтті қорғап, Доминик Рейесті төрешілердің бірауызды шешімімен 49-46 және 48-47 есебімен жеңді. Осы жекпе-жектен кейін Джонс титулын босатып, мансабын үш жылдық үзіліске қойды. 2023 жылдың наурызында октагонға қайта оралып, ауыр салмақта вакантты чемпиондық белдігін иеленді, Сирил Ганны бірінші раундта гильотина әдісімен нокаутқа жіберді. Өткен жылдың қараша айында ол титулын қорғап, Стипе Миочичті үшінші раундта нокаутпен жеңді.
Доминик Рейес Джонспен кездесуден кейін үш рет қатарынан нокаутпен жеңіліс тапты. Алайда, өткен жылы ол мансабын ұтымды бағытқа бұрып, Дастин Джейкобиді және Энтони Смитті нокаутқа жіберді. Рейестің келесі қарсыласы – ресейлік Никита Крылов, олардың жекпе-жегі екі аптадан кейін Майамидегі турнирде өтеді.