Чемпиондар лигасында "Барселона" мен ПСЖ жеңіске жетті
Чемпиондар лигасы аясында өткен матчтарда "Барселона" мен ПСЖ жеңіске жетті.

Каталондық "Барселона" өз алаңында немістің "Боруссиясын" 4:0 есебімен жеңді. Бірінші таймда тек 25-минутта Рафиньяның голымен есеп ашылды. Қалған голдар екінші таймда соғылды. 48-минутта Роберт Левандовски "күлгін-көк" командасының басымдығын екі еселеді. 18 минуттан кейін поляк футболшысы дубль жасап, есепті шешуші жағдайға жеткізді. 77-минутта Ламин Ямаль есепті түпкілікті бекітті. Дортмундтағы жауапты матч 15-16 сәуір түнінде өтеді.
Франциялық ПСЖ өз алаңында ағылшын "Астон Вилласын" қабылдады. Қонақтар 35-минутта Морган Роджерстің голымен алғаш болып есепті ашты. Париждік команда 39-минутта Дезире Дуэнің голы арқылы таразыны теңестірді. Перерывдан кейін алаң иелері тағы екі гол соқты. 49-минутта грузиндық қанат шабуылшысы Хвича Кварацхелия, ал 92-минутта Нуну Мендеш есепті 3:1-ге жеткізді. Англияда жауапты ойын Қазақстан уақыты бойынша 15-16 сәуір түнінде өтеді.
Айта кетейік, алғашқы төрттік матчтарында ағылшын "Арсенал" және итальяндық "Интер" жеңіске жетті. "Канонирлер" өз алаңында испандық "Реалды" 3:0 есебімен жеңсе, "Интер" Мюнхенде "Баварияны" 2:1 есебімен жеңді.