Ламин Ямаль Манчестер Ситиға ауысуы мүмкін

Ламин Ямаль Англия чемпионатында өнер көрсетуі ықтимал.

👁️ 21
Сурет: vesti.kz

«Барселона» мен Испания ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ламин Ямаль келесі маусымда Англия чемпионатында карьерасын жалғастыруы мүмкін. vesti.kz

Barca Universal-дың мәліметіне сәйкес, «Манчестер Сити» футболшыны сатып алу ниетін білдіріп, «блаугранаға» трансфер үшін 275 миллион евро көлемінде ұсыныс жасаған.

Ескерте кетейік, егер Ямальдың клубы ауысса, бұл трансфер футбол тарихындағы ең қымбат мәміле болуы ғажап емес.

Ағымдағы маусымда Ламин Ямаль барлық турнирлерде 43 матчқа қатысып, 14 гол соғып, 21 нәтижелі пас берген. Ойыншының клубпен жасалған еңбек келісімі 2027 жылдың жазына дейін жарамды.