WTA рейтингінде Қазақстан теннисшілерінің нәтижелері

Қазақстанның теннисшілері WTA рейтингінде өз орындарын сақтап қалды.

👁️ 10
Сурет: vesti.kz
Әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) жаңа жекелей және жұптық разряд рейтингін таныстырды, деп хабарлайды vesti.kz.

Қазақстанның бірінші және екінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева тиісінше он және 23-орындарда тұрақтады.

Жібек Куламбаева екі саты төмендеп, 312-орынға, ал Зарина Дияс 327-орыннан 328-орынға төмендеді.

Жекелей разрядтағы үздік үштік өзгеріссіз: Арина Соболенко (Беларусь), Ига Швентек (Польша) және Джессика Пегула (АҚШ).

Қазақстанның ең үздік жұптық теннисшісі Анна Данилина 18-орнын сақтап қалды.

Жұптық разрядтағы алғашқы үштікте сол баяғы көшбасшылар: Катерина Синякова (Чехия), Тейлор Таунсенд (АҚШ) және Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия).