Трент Александер-Арнольд «Реал» Мадрид ойыншысы ретінде таныстырылды
Футболшы Трент Александер-Арнольд «Реал» Мадридтің жаңа ойыншысы болды.
👁️ 15

Сурет: soccer.ru
«Ливерпуль» тәрбиеленушісі, қорғаушы Трент Александер-Арнольд Мадридтегі «Реал» клубының ойыншысы ретінде ресми таныстырылды. Футболшы испан клубымен 2031 жылдың маусымының аяғына дейін келісімшартқа қол қойды, хабарлайды soccer.ru.
Карьерасы мен жетістіктері
Трент 2016 жылдан бері «Ливерпуль» командасының негізгі құрамында өнер көрсеткен. Ойыншы туған клубымен бір ай бұрын қоштасты.
Дегенмен, командада жеткен жетістіктері
- Екі рет Англия чемпионатын жеңіп алды;
- Чемпиондар Лигасын иеленді.
«Мен жаңа кезеңге аяқ басқанымды сеземін және «Реал» Мадридтің бір бөлігі болғаныма қуаныштымын.»