Юлия Путинцева Қазақстанмен қарым-қатынас жайлы ойларымен бөлісті
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жаңа азаматтығы туралы айтты.
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева азаматтықты өзгертуі және өзінің жаңа отанымен қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды vesti.kz.
Юлия 2012 жылы 17 жасында спорттық азаматтықты ауыстырды.
- Федерацияда сенің мәртебеңе қатысты қандай да бір реніш болды ма? - деп сұрады подкаст жүргізушісі.
- Айталық, кейбір қызықтар болды, - деді Путинцева "Ең үздік теннис подкасты" YouTube арнасында.
- Егер олай болмаса, Қазақстанға барып жетер ме едің?
- Қазір нақты айту қиын. Мүмкін егер Мәскеуде маған жақсы жағдайлар жасалғанда, мен ауыспас едім. Бәлкім, ауысар да едім. Нақты айта алатыным - Қазақстанның арқасында мен қазіргі жағдайда тұрмын. Олар маған жаттығулар мен дайындық үшін барлық жағдайды жасады, осылайша өзімнің максимумымды көрсете алдым.
Путинцева әлемнің 29-шы ракеткасы. Ол 2012 жылдан бері Қазақстан намысын қорғайды.
Юлия Путинцева