Қазақстан ұлттық құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатында алғашқы ойынын өткізеді

Қазақстан құрамасы Швециямен ойнап, плей-оффқа өту үшін таласады.

👁️ 63
Сурет: vesti.kz

Бүгін, 27-ден 28-іне желтоқсанға қараған түні Қазақстан ұлттық құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатында алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды vesti.kz.

Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыласы Швеция командасы болады. Ойын Оттавада (Канада) Қазақстан уақыты бойынша 03:00-де басталады. Ал матчтың тікелей трансляциясы арнасында 02:50-де басталады.

Тікелей трансляция арнасында

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан ұлттық құрамасы В тобында өнер көрсетіп, шведтермен қатар Чехия, Словакия және Швейцария командаларымен бақталасады. Топтан плей-оффқа төрт үздік команда өтеді.

Сонымен қатар, А тобында Канада, Финляндия, Латвия, Германия және АҚШ құрамалары өнер көрсетеді. Екі топтың ең әлсіз командалары элиталық дивизионда қалу құқығын сарапқа салу үшін кездеседі.

Айта кетейік, өткен күні Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) 2025 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының қатысушыларының күш рейтингін жариялап, Қазақстанды он бірінші орынға орналастырды.

Қазақстан ұлттық құрамасы, Швеция командасы