Анжелина Лукас Мәскеуде жекпе-жек өткізуге дайындалып жатыр
Анжелина Лукас 31 қаңтарда рингке оралады.
👁️ 7
Сурет: vesti.kz
Қазақстандық боксшы Анжелина Лукас кәсіби рингте келесі жекпе-жек өтетін күнін және орнын білгенін vesti.kz хабарлайды.
Box Rec мәліметтері бойынша, ол 31 қаңтарда Мәскеуде рингке оралады. Бұл жекпе-жек IBA Championship Night бокс кешінің аясында өтеді. Қарсыласының есімі әзірге белгісіз.
Лукас кәсіби рингте 11-1 рекордымен, оның ішінде 5 нокаутпен өнер көрсетуде. Соңғы жекпе-жегінде Анжелина Дебора Лопеске қарсы жеңіске жетіп, IBO әлем чемпионы титулын иеленді. Өткен жылы ол барлығы алты жекпе-жек өткізіп, соның үшінде нокаутпен жеңіске жетті. Бұған дейін Лукас WIBF және WBF нұсқалары бойынша екінші дәрежелі белбеуді иеленген.