Тактаров: Ян Двалишвилиді жеңіп, чемпион атануға мүмкіндігі бар
Олег Тактаров пікір білдірді.
UFC-дің бұрынғы жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпионы Петр Ян, Мераб Двалишвилиді екінші рет жеңуге мүмкіндігі бар деп санайды. Аралас жекпе-жектің ардагері Олег Тактаров бұл туралы әлеуметтік желіде айтты, хабарлайды fighttime.ru.
«Егер Петр Янға белбеуді алу мүмкіндігі туып жатса, ол соның үшін не істейтінін жақсы түсінеді».
Сарапшы, Нурмагомедовпен жекпе-жектен кейін Мерабтың жартылай бәсеңдеуін күтіп отырғанын атап өтті. «Егер Ян Мерабты ашуландырмаса, алғашқы үш раундта тартыс болмайды. Тіпті, төртінші-бесіншіні де жеңіп алуға мүмкіндігі бар» деп жеткізді.
«Мерабта ешқандай ауырсыну және тұншықтыру әдістері жоқ, ал Петр тейкдаундардан жақсы қорғанады».
Тактаров, Петр Янның кеңінен танымал соққы шебері екенін еске сала отырып, «Меніңше, ол өзінің сенімділігін қайта келтіру керек» деді. Ол Янның жеңісіне психологиялық тұрғыдан дұрыс дайындықтың маңызын ерекше атап өтті.
«Бокста, қол және аяқпен соққыларда Петр UFC-дің ең үздік үш соққылаушысының қатарында. Сондықтан оның тамаша мүмкіндіктері бар».
2023 жылдың наурызында Петр Ян Мераб Двалишвилиге бес раундта біржоғары шешіммен жеңіліп қалған болатын. Осыдан кейін Ресейлік спортшы Сонг Ядонг пен Дейвесон Фигередоға қарсы екі жеңіске жетті. Ал Мераб өткен екі жылда үш жекпе-жек өткізіп, Генри Сехудоға қарсы жекпе-жекте жеңіс алып, Шон О'Мэллиден чемпиондық белбеуді иеленді.