Винисиус Жуниор Португалияда жаңа клуб иесіне айналды
Бразилиялық футболшы Винисиус Жуниор "Алверка" клубына инвестор болып қосылды.
👁️ 47

Сурет: vesti.kz
Мадридтің "Реал" клубының шабуылшысы Винисиус Жуниор футболдағы қызығушылықтарын кеңейтіп, Португалияның екінші дивизионында өнер көрсететін "Алверка" клубының тең иесіне айналды, деп хабарлайды vesti.kz.
Record ақпараттарына сәйкес, бразилиялық жаңа инвесторлар тізіміне қосылды, онымен бірге испан және бразилиялық акционерлер де бар. Олар клубты толыққанды басқаруды келесі маусымнан бастап қолға алмақ.
Клубтың алдағы жоспары
Қазіргі уақытта "Алверка" Сегунда турнирлік кестесінде екінші орынға шықты және Премьер лига – Португалия футболының элиталық дивизионына тікелей жолдама алуға үміттеніп отыр.
Винисиус Жуниордың футболь карьерасы
Айта кетейік, Винисиус 2018 жылдан бері "Реал" командасында өнер көрсетуде. Transfermarkt оның құнын 200 миллион евроға бағалауда.