Евгений Кошкин әлем кубогында қола медаль жеңіп алды

Евгений Кошкин Нидерландыда өткен әлем кубогында қола жүлде алды.

👁️ 9
Сурет: vesti.kz

Қазақстандық конькобежец Евгений Кошкин Херенвенде (Нидерланды) өткен әлем кубогының кезеңінде қола медальға ие болды, деп хабарлайды vesti.kz.

Спортшы 500 метр қашықтықта үшінші болып мәреге жетіп, 34,30 секунд уақыт көрсетіп, өзінің жеке рекордын жаңартты. Бірінші орыннан голландиялық Еннинг Де Бо (34,18) көрінсе, күмісті америкалық Джордан Штольц (34,27) алды.

Бұрын Кошкин Томашув-Мазовецкиде (Польша) әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алса, Қытайдың Харбинінде өткен Азиада ойындарында 100 метр қашықтықта күміс жүлдегер атанды.