Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Странджа кубогының финалында
Абылайхан Жүсіпов Странджа кубогының финалына жолдама алды.

Қазақстандық Абылайхан Жүсіпов 2025 жылғы Странджа кубогының финалына жолдама алды, деп хабарлайды vesti.kz. Жартылай финалда 71 килограмдық салмақта қарсыласы Италиядан келген Гвиді Ронтани болды. Шаршы алаңдағы жекпе-жек 3:2 есеппен Қазақстан спортшысының жеңісімен аяқталды. Сонымен қатар, екінші раундта итальяндыққа нокдаун есептелді.
Бүгін, 1 наурыз күні, финалға Даниял Сабит (51 кг дейін) және ұлттық құраманың капитаны Айбек Оралбай (92 кг жоғары) шықты. Сонымен қатар, 63,5 килограмдық салмақта Мухаммедсабыр Базарбайұлы мен Ертуған Зейнуллин қорытынды жекпе-жекте кездеседі.
Сондай-ақ, Оразбек Асылкулов (57 кг дейін) жартылай финалда Өзбекстаннан келген Хужаназар Нортожиевке жеңіліп, финалға өтпей қалды.
Айта кетейік, бұл турнирді малый чемпионат мира деп те атайды.