Аида Абикеева әлем чемпионатының жартылай финалында өнер көрсетті
Аида Абикеева әлем чемпионатының жартылай финалында түрік боксшыны жеңді.

Қазақстандық Аида Абикеева 2025 жылғы әйелдер бокстан әлем чемпионатының жартылай финалында өнер көрсетіп жатыр. Чемпионат қазіргі таңда Сербияның Ниш қаласында өтуде, деп хабарлайды vesti.kz.
63 келі салмақ категориясындағы ширек финалда ол Түркияның Эсманур Локты 5:0 есебімен жеңді. Үшінші раундта Эсманурға нокдаун белгіленді. Бұл жетістігі арқасында Абикеева кем дегенде қола медальге үміттене алады.
Бұған дейін Назым Кызайбай (48 келіге дейін), Алуа Балкибекова (50 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін) және Елдана Талипова (81 келіден жоғары) жеңіске жеткен болатын.
Сонымен қатар, жартылай финалға Жайна Шекербекова (54 келі), Жасмин Кизатова (66 келі) және Карина Ибрагимова (57 келі) шыға алмады.
Басқа мемлекеттен келген қазақ боксшы Қазақстанды әлем чемпионатында медалынан айырды.
Қазақстаннан рингке тағы Наталья Богданова (70 келі) мен Надежда Рябец (75 келі) көтерілетін болады. Тікелей трансляцияны осы жерден қараңыз.