Сот сараптамалары орталығы: Жасанды интеллектпен жаңа кезеңге қадам
Қазақстанның сот сараптамалары жүйесі жаңа технологиялармен даму үстінде.

Сот сараптамалары орталығы директорының м.а. Бақытжан Байтілесов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Сот сараптамалары орталығының ақпараттық жүйесін жетілдіру мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, бұл бағыттағы негізгі қадамдардың бірі — ҚР Әділет министрлігі әзірлеген «Е-сараптама» ақпараттық жүйесін енгізу.
«Е-сараптаманы» сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімімен интеграциялау сараптамаларды тағайындау процесін айтарлықтай жеңілдетті. Бақытжан Байтілесов қазіргі жағдайда автоматтандыру мен аналитиканың жоғары деңгейін талап ететінін атап өтті.
Зерттеулердің дәлдігі мен жылдамдығын арттыру мақсатында, «Е-сараптама 2.0» жобасы жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылуда.
Бұл жаңғырту жүргізілетін сараптамалардың сапасы мен жеделдігінің жоғары стандарттарын қамтамасыз етіп, Қазақстанның сот-сараптама қызметін дамытудағы маңызды кезең болатынын айтты.
Сот-сараптама институтын дамыту және нығайту жөніндегі жұмыстар одан әрі жалғасуда. Заманауи технологияларды енгізу арқылы, сараптамалар сапасын арттыру және қызмет көрсету деңгейін көтеру көзделген.