Қазақстандықтар үшін шетелдік сатып алу мен кедендік рәсімдеу мүмкіндіктері
Қазақстандықтардың халықаралық сатып алулары үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды.

Қазақстандықтар шетелдік маркетплейстерден тауарларға тапсырыс бере алады. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда кедендік құжаттарды ресімдеуге мүмкіндік бар.
«Qazpost» сервисі арқылы еліміздің азаматтары Amazon, AliExpress және басқа да жетекші әлемдік платформаларда халықаралық сатып алуды жүзеге асыра алады. Сервис екі бағытты қамтиды:
- Keruen дропшиппинг — АҚШ, Еуропа және Қытайдан тауар жеткізу;
- Keden — кедендік декларация рәсімдеу.
EGov Mobile үшін «Қазпошта» АҚ ұлттық операторымен ынтымақтастық халыққа көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейтеді. Қазіргі уақытта азаматтарға қосымшада онлайн режимінде әртүрлі қызметтер ұсынылады.
Тауар жеткізу мен кедендік қызметтер
«Keruen — шетелдегі дүкендерден жеткізу» бөлімінде жеткізу құны мен мерзімі туралы ақпарат бар. Бұл бөлімде:
- жеткізу қызметі;
- үлкен көлемді пакеттерді жеткізу;
- құнды есептеу калькуляторы;
- жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар.
Пайдаланушылар сәлемдемесін бақылау үшін «Күтілетін сәлемдемені қосу» батырмасын басып, қажетті өрістерді толтырып, «Жіберу» батырмасын басуы керек.
«Keden — кеден қызметтері» бөлімінде бажды есептеу және жиі қойылатын сұрақтармен танысу мүмкіндігі бар. Ыңғайлылық үшін іздеу жолағы қарастырылған, онда сәлемдеменің трек нөмірі немесе телефон нөмірі бойынша қажетті ақпарат алуға болады.
Бұл сервис ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «Қазпошта» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.