Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету: жаңашылдықтар мен кезеңдер
Қазақстандағы дәрілік препараттарды жеткізу және цифрландыру барысы.
Дәрілік препараттарды жеткізу процесінде сәйкестендіру әдістері, соның ішінде биометриялық технологиялар қолданылатын болады. «СК-Фармация» компаниясы 1727 дәрілік препарат сатып алуға келісімдер жасаған. Олардың 1581-інің жеткізу шарттары дайындалды.
Жеткізу желтоқсан айында басталып, тауарларды беру 4 қаңтарда жүзеге асырыла бастады. Бірыңғай дистрибьютор дәрі-дәрмекпен қамту шараларын мүмкіндігінше ертерек бастау үшін барлық шараларды қолға алды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткізілген баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Вице-министрдің айтуынша, 57 млрд теңге үнемделді және болашақта бұл сома тағы да ұлғайту жоспарланып отыр. Экономияланған қаражаттың барлығы дәрілік препараттардың қажетті көлемін қамтамасыз ету үшін бағытталатын болады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дәрілік препараттардың азайтылмайтын қорын анықтау үшін қажетті қаржыландыру бөлінді».
Вице-министрдің қосымша айтуынша, дәрі-дәрмек сатып алу жыл соңында өтпелі кезеңде республиканың азаматтарын үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында жүзеге аспақ. Осыған орай, дәрілік препараттарға өтінімдерді қалыптастыру процесі олардың дербестендірілген есепке алуды қамтамасыз ету үшін цифрландыру қолға алынды.
Өтінімді учаскелік терапевт жасауы қажет. Әр пациент үшін тағайындалған емдеу схемасына сәйкес жылдық өтінім қалыптастырылады. Бұл үрдіс каскадтық әдіспен емханалар, қала, облыс деңгейінде дәрілік қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Сәйкестендіру әдістері, соның ішінде биометриялық технологиялар қолданылатын болады. Азаматтардың мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше әдіс қарастырылған.