Digital Almaty форумында жеңімпаздар марапатталды
VII Digital Almaty форумында инновациялар мен дрон-футбол жүлдегерлері марапатталды.
Алматыда VII Digital Almaty халықаралық форумы өз жұмысын аяқтады. Шешуші күннің басты оқиғасы инновациялар мен цифрлық технологиялар саласындағы беделді конкурстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Industrial AI Battle
Асыға күткен іс-шаралардың бірі – стартаптарға Қазақстанның ірі кәсіпорындарына өз шешімдерін ұсыну мүмкіндігін беретін Industrial AI Battle байқауы өтті. 200 өтінімнің ішінен финалға жасанды интеллект саласындағы үздік 15 стартап өтті.
Номинациялар бойынша жеңімпаздар
- Most disruptive: epsilon3ai, жүлде – 15 000$;
- Best scale ability: Finflow, жүлде – 15 000$;
- Best ROI potential: arlan biotech, жүлде – 15 000$;
- Best sustainability impact: Qala AI, жүлде – 15 000$.
Арнайы сыйлықтар
Финалистер арасында серіктестерден арнайы сыйлықтар таратылды:
- Cloud services: 10 млн теңге, жеңімпаз - Qala AI;
- Венчурлық форумға билет: Horus mine;
- Сilkroad хабы бойынша қолдау: Finflow;
- Vk cloud сервистері: Chrome AI;
- Smartpoint жұмыс орындары: Onco Zero AI & Pleep;
- Қазақтелеком сыйы: 10 000 $ - Pleep.
Робототехника чемпионаты
Форумда балалар арасында Робототехника чемпионатының жеңімпаздары да марапатталды. Қазақстанның үздік төрт командасы халықаралық жарыстарда ел атынан қатысуға мүмкіндік алды.
- 1-орын: Sana БИЛ командасы, жүлде – 1 000 000 теңге;
- 2-орын: Point командасы, 500 000 теңге;
- 3-орын: PID командасы, 300 000 теңге;
- 4-орын: Jeltoqsun командасы, 200 000 теңге.
Digital Almaty Multi-Drone Championship
Digital Almaty форумында дрон-футболдан чемпионат қорытындыланды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен қатар, FIDA халықаралық турнирлеріне қатысу үшін ұлттық құрамаға кіру мүмкіндігіне ие болды:
- 1-орын: Skyzone X4Pro;
- 2-орын: Radiomaster Boxer ELRS;
- 3-орын: BetaFPV Air65 Freestyle.
VII Digital Almaty халықаралық форумы технологиялар әлеміндегі басты алаң ретінде тағы да мәртебесін үстем етті. Келер жылы форумда кездескенше!