Виртуалды аутопсия: Жаңа ортада жаңа мүмкіндіктер
Виртуалды аутопсия әдісінің артықшылықтары туралы ақпарат.

Сот сараптамасының жаңа технологиялары құқық қорғау органдарының жұмысын тиімдірек етеді. ҚР Әділет министрлігінің өкілі Талғат Уәли ОКҚ алаңында виртуалды аутопсияны енгізу мүмкіндігі туралы айтты.
Виртуалды аутопсия, немесе виртуопсия, – дененің егжей-тегжейлі проекциясын алу үшін КТ сканері арқылы жүргізілетін инвазивті емес метод. Бұл әдіс мәйітті сот-медициналық зерттеу кезінде өлімнің себебін анықтау үшін өте маңызды. Виртуалды аутопсия енгізілген жағдайда, мәйітті кесудің қажеттілігі кей жағдайларда болмайды.
Виртуалды аутопсияның артықшылықтары
Виртуалды аутопсия әдісінің енгізілуінің мақсаттары:
- Сот-медициналық зерттеулер процесін оңтайландыру;
- Мәйітті зерттеу процессін инвазивті емес тәсілмен жүргізу;
- Дененің үш қуысын: кеуде, іш және бас сүйегін ашпай, өлім себептерін анықтау.
Қазіргі уақытта виртуалды аутопсия әдісінің тиімділігін алдын ала талдау жүргізілу үстінде. Оның ішінде, зерттелетін өлім-жітімнің санаты мен шектеулерін анықтау үшін елдің бір өңірінде пилоттық жобаны енгізу жоспарланып отыр.
«Виртуалды аутопсия әдісін енгізудің мақсаты заманауи технологияларды енгізу арқылы сот-медициналық зерттеулер процесін оңтайландыру.»
Халықаралық тәжірибе
Қазіргі таңда виртуалды аутопсия әдісі дүниежүзінде, соның ішінде Швейцария, Ұлыбритания, АҚШ, Үндістан, Жапония, Швеция, Норвегия, Түркия, Сауд Арабиясы және Ресей секілді елдерде қолданылып келеді. Бұл әдіс құқық қорғау органдарына мәйіттерді зерттеуде көп көмектеседі.