Ресейлік ұшақ электр жүйесіндегі ақауға байланысты бағытынан тайды
Волгоградқа ұшып бара жатқан Ресейдің авиакомпаниясына тиесілі Boeing 737–800 ұшағы электр жүйесіндегі ақау салдарынан бағытын өзгертуге мәжбүр болды.

Волгоградқа бағыт алған Ресейдің авиокомпаниясына тиесілі ұшақ кенеттен бағытын өзгертіп, басқа жерде қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне төтенше қызметтер хабарлады.
Оқиға 4 сәуір, жұма күні, Мәскеуден ұшып шыққан Boeing 737–800 ұшағымен орын алды. Экипаж ұшақтағы электр жүйесінде ақау бар екенін хабарлап, ұшу басталған аэропортқа оралу шешімін қабылдады.
Қону елордағы әуежайда сәтті жүзеге асырылып, ешкім зардап шеккен жоқ.
Бұған дейін Utair авиакомпаниясының ұшқыштарын ұшу барысында лазермен соқыр етуге талпыныс жасаған болатын. Төтенше жағдай 3 сәуір, бейсенбі күні Дубайдан Мәскеуге бағыт алған Boeing ұшағында болды.
«Экипаж ұшақтағы электр жүйесінде ақау барын хабарлады»,