БҰҰ Бас хатшысы Оңтүстік Кореядағы әуе апаты үшін көңіл айтты
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Оңтүстік Кореядағы трагедия үшін көңіл айтты.
БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриштің құзырлы кеңсесі самолет апатынан қаза тапқан адамдардың туыстарына, сондай-ақ Оңтүстік Корея халқына бұл трагедияға байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
«Бас хатшы Муандағы авиакатастрофа туралы хабарларға терең қайғырып отыр, ол 179 адамның өмірін қиды. Ол қаза тапқандардың туыстарына шын жүректен көңіл айтып, осы қиын кезеңде Корея Республикасының халқы мен үкіметіне қолдау білдіреді».
Сондай-ақ Гутерриш инциденттен зардап шеккендерге тезірек қалпына келуін тіледі.
Апаттың мән-жайы
Jeju Air авикомпаниясының жолаушылар Boeing 737 самолеты Муандағы әуежайда апатқа ұшырады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бірінші кезекте ұшақ құс тобымен соқтығысып, одан кейін шассиі шықпай қалды.
Соның нәтижесінде, қону кезінде ол қоршауға соғысып, өртеніп кетті. Тек екі стюардесса құтқарылды, қалған 179 жолаушы мен экипаж мүшелері тірі қалмады.
Аза тұту
Трагедиядан кейін Оңтүстік Кореяда бір апталық аза тұту жарияланды.