Башар Асадты Мәскеуде уландыруға әрекет жасалды
Башар Асадтың Мәскеуге келгеннен кейін уландыруға әрекет жасағаны туралы жаңа мәліметтер жарияланды. Оқиға желтоқсанның аяғында орын алған.
Бұрынғы сириялық басшы Башар Асадты Мәскеуге келгеннен кейін уландыруға әрекет жасалды. Бұл туралы британдық The Sun газетінде хабарланады.
Сондай-ақ, мақалада айтылғандай, уландыру әрекеті желтоқсанның аяғында болған. Экспрезиденттің денсаулығы нашарлап, медициналық көмекке жүгінгені, кейін оның жағдайы тұрақталғаны туралы мәлімделді. Газет мәліметі бойынша, Асадың денесінде удың іздері табылған.
Асад Мәскеуге 8 желтоқсан кешке келген. Ол Сириядан шыққаннан кейін, исламшыл «Хайат Тахрир аш-Шам» (ХТШ, Ресейде террористік ұйым ретінде танылған) тобы Дамаскты бақылауына алған.
Асадтың денесінде удың іздері табылды.