Қазақстандық азаматша Түркияда жоғалып кетті
23 жастағы Лаура Писаренко Стамбулда жоғалып кетті, іздеу ісін оның ағасы жүргізуде.
Қазақстан Республикасы азаматы Түркия аумағында жоғалып кетті. Бұл жағдай туралы РЕН ТВ телеарнасы хабарлады.
23 жастағы Лаура Писаренконы іздеу ісін оның ағасы жүргізуде. Отандасы жаңа жыл мерекелеріне дейін, 30 желтоқсанда, туыстарына хабарласуды доғарған. Туыстарының айтуынша, оны Стамбулдағы Ресей консулдығының алдында соңғы рет көрген. Қыздың үстінде көк қалпақ, қоңыр күрте және қара шалбар болған.
Ресейлік қыздың қайда болуы туралы болжамдар бар, алайда, жоғалғанның ағасы іздестіруді кідіртіп тұрған бюрократиялық кедергілердің барын айтады.
«Түркия туыстықты растайтын құжат, яғни, елшіліктен анықтама талап етеді. Алайда, елшіліктегілер мұндай анықтамаларды бермейтінін айтады».
Бір нұсқа бойынша, қызды депортациялық орталыққа орналастырған болуы мүмкін.
Қазан айында Түркияда із-түссіз жоғалған тағы бір ресейлік әйелдің іздестіруі қайғылы аяқталды. 57 жастағы әйел үйден шығып, жоқ болып кетті. Бір аптадан кейін оның денесі жаңғақ ағаштарының арасында табылды.