Дания АҚШ-пен Арктикадағы қауіпсіздік мәселелерін талқылауға дайын

Дания АҚШ-тың Арктикадағы қауіпсіздік мүдделерін мойындай отырып, жаңа әкімшілігімен келіссөздер жүргізуге дайын екендігін білдірді.

👁️ 10
Сурет: Vladislav Culiomza / Reuters

Дания АҚШ-тың Арктикалық өңірдегі қауіпсіздік мүдделерін мойындай отырып, жаңа сайланған президент Дональд Трамптың әкімшілігімен оларды талқылауға дайын екенін хабарлады. Бұл пікірін корольдіктің Сыртқы істер министрі Ларс Лекке Расмуссен Reuters агенттігіне берген сұхбатында білдірді.

«Америкалықтардың Арктикадағы қауіпсіздік мәселесіне қатысты заңды алаңдаушылықтары бар екеніне келісеміз. Біз америкалықтардың уайымдарын түсінеміз, сондықтан Гренландияның қатысуымен жаңа американдық әкімшілікпен АҚШ-тың өңірдегі заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін келіссөздер жүргізуге дайынбыз»,
Ларс Лекке Расмуссен

11 қаңтарда Axios порталы Дания билігінің АҚШ-қа Гренландиядағы қауіпсіздікті нығайту немесе Вашингтонның аралдағы әскери қатысуын арттыру туралы келіссөздерді жүргізуге дайын екендігі жөнінде хабарлағанын жеткізді.

Трамп бірнеше рет Даниядан Гренландияны сатып алу жоспарын жария еткен. Оның айтуынша, аралды бақылау ұлттық қауіпсіздік пен әлемдегі еркіндік үшін қажет. Алайда корольдік премьер-министрі Метте Фредериксен саясаткердің бұл идеясын қабылдамай, аралдың сатылмайтынын мәлімдеді.


Негізгі кілт сөз: