ДДҰ АҚШ-тың ұйымнан шығу шешіміне байланыста пікір білдірді

ДДҰ АҚШ-тың ұйымнан шығу туралы шешіміне өкініш білдірді. Ұйымның денсаулық сақтау саласындағы рөлі зор деп атап өтті.

👁️ 3
Сурет: Denis Balibouse / Reuters

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) АҚШ-тың ұйымнан шығу туралы шешіміне өкініш білдірді. Бұл туралы ДДҰ-ның ресми өкілі Тарик Жазаревич РИА Новости агенттігіне хабарлады.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Америка Құрама Штаттарының ұйым құрамынан шығу туралы ниетіне өкініш білдіреді», — деп атап өтті Жазаревич.

Тарик Жазаревич, ДДҰ-ның ресми өкілі

Xалықаралық ұйымның өкілі ДДҰ-ның әлемдегі адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауда маңызды роль атқаратынын айта отырып, АҚШ билігі бұл шешімін қайта қарастырады деген үмітін жеткізді.


20 қаңтарда республикашы Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарының президенті қызметіне кірісті. Ақ үйдің жаңа иесінің алғашқі шешімдерінің бірі елдің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығуы болды.