Трамп трансгендер әйелдерді ерлер түрмелерінде ұстап тұруды бұйырды
Дональд Трамп трансгендер әйелдерді ерлер түрмелерінде ұстау туралы бұйрық берді. Бұл шешімдер әйелдердің құқықтарына қауіп төндіреді.
Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп трансгендер әйелдерді ерлер түрмелерінде ұстап тұруды бұйырды. Бұл туралы The New York Times (NYT) хабарлайды.
Президенттің «Гендерлік идеологияның экстремизміне қарсы әйелдерді қорғау және федералды үкіметте биологиялық шындықты қалпына келтіру» атты бұйрығы федералды түрмелерге жіберілді. Оның шарттарына сәйкес, жыныс ауыстырумен байланысты медициналық қызмет көрсету тоқтатылады. Трамптың жарлығында
«жыныстың биологиялық шындығын жоюға арналған әрекеттер әйелдерге зиян келтіріп, оларды қадір-қасиетінен, қауіпсіздігінен және әл-ауқатынан айырады»деп атап көрсетілген.
Америка Құрама Штаттарының Федералды түрмелер бюросының мәліметі бойынша, американдық түрмелерде шамамен 1500 трансгендер әйел бар. Олар әйелдер мекемелерінің жалпы тұтқындарының 15 пайызын құрайды.
15 қаңтарда Америка Құрама Штаттарының Конгресінің Өкілдер палатасы трансгендерлердің әйелдер мектептерінің спорттық командаларына қатысуына тыйым салатын заң жобасын қабылдады.