Мексика байланыстарды нығайтуға ниетті, бірақ Трамптың тарифтеріне жауап беруге дайын
Мексика экономика министрі АҚШ президенті Дональд Трамп енгізген тарифтерге жауап шараларын іске асыруға тапсырма берді.
Мексика экономика министрі Марсело Эбрардқа АҚШ Президенті Дональд Трамп енгізген тарифтерге жауап шараларын жүзеге асыру тапсырылды. Бұл туралы мексика президенті Клаудия Шейнбаум әлеуметтік желідегі Х парақшасында мәлімдеді.
«Мен экономика министріне Мексиканың мүдделерін қорғау мақсатында біз әзірлеген Б жоспарын жүзеге асыруды тапсырамын, оған тарифтік және тарифтік емес шаралар кіреді» — деп жазды ол.
Мемлекет басшысы Мексиканың АҚШ-пен қақтығысқа бармауға және өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдіргенін атап өтті. Сонымен қатар, ол американдық биліктің фентанилмен күресуге қызығушылық танытпайтынына назар аударды, себебі олар АҚШ-тың ірі қалаларындағы есірткі саудасына қарсы ешқандай әрекет жасамай отыр.
Бұған дейін Трамп Мексика мен Канададан импортталатын тауарларға 25 пайыздық тариф енгізу туралы жарлыққа қол қойды. CNN телеарнасының айтуы бойынша, Вашингтонның шешімі факті бойынша бірнеше жыл бойы екі ел арасындағы тарифсіз сауданы тоқтатады.