Үндістанда ескі BMW 7-сериялы көлікті жаңартты
Ескі BMW-ны жаңа модельге ұқсату әрекеті

Жаңа 7-сериялы BMW Үндістанда 18 420 000 рупия (108.5 млн теңге) тұрады. Мұндай сомаға машина алу екінің бірінің қолынан келмейді. Сондықтан Ахмедабадта орналасқан шанақ әрлейтін Autokrafte шеберханасы ерекше конверсия жасады. Қала тұрғыны мамандардан 2010 жылғы 7-сериялы BMW-сын G70 шанағындағы заманауи «жетілікке» барынша ұқсатып әрлеп беруді сұраған.
Шеберлер машинаны жаңа модельге ұқсату үшін алдыңғы және артқы жағын кесіп, канаты мен капотының пішінін өзгертті. Оптика, бампер және кейбір шанақ панелін жаңадан орнатты, олар түпнұсқа ма, көшірме ме, белгісіз. Сондай-ақ көлік Oxide Grey Metallic/Santorini Black түсті дөңгелек дискісімен жабдықталған.











Машина танитын адам түпнұсқамен сәйкес келмей тұрған тұстарын бірден байқайды, өйткені ескі BMW-ның әйнегі, есігі, тұтқасы мен айнасы өзгеріссіз қалған. Сыртқы панель арасындағы бос орын үлкен, шанақ пропорциясы бұзылғаны да көзге ұрып тұр. Ескі «жетіліктің» механикалық бөлігі мен салоны түпнұсқа күйінде қалғанға ұқсайды.
BMW иесі Үндістанда түсірілген әйгілі жарнама роликті қайталағысы келген сияқты:
[media=https://www.youtube.com/watch?v=wpqSvrjZsrU]