Kia жаңа пикапты таныстырды - Tasman Weekender

Кореялық бренд жарық көрмесінде жаңа көлігін таныстырды

👁️ 18
Сурет: kolesa.kz

Seoul Mobility Show көрмесінде Kia брендінің Tasman Weekender деп аталатын жаңа пикабы таныстырылды. Бұл модель Tasman сериясының қала сыртындағы демалысқа арналған нұсқасы. Жолсыз жерлерде еркін жүретін бұл автомобиль, егер конвейерге тұрса, Ford Ranger Raptor мен Toyota Tacoma Trailhunter-ге бәсекелес болары сөзсіз.

Kia компаниясы жаңа концепциясында дизайнерлік шешімдерді өзгерткен. Мәселен, олар қанаттағы қара жапсырма қолданбай, шанақ түсіне боялған. Алдыңғы бамперіне шығыр мен лайм түсті акценттер қосылған.

Арнайы мамандар капотты жаңартып, оған қосымша күшейткіштер орнатты. Tasman өзінің кабинасы мен жүк платформасы үшін сыртқы экзоскелет алды, оған ұсақ-түйек салынатын жәшік жабыстырылады.

Первый пикап Kia получил более внедорожную версию

Автомобиль 35 дюймдік BFGoodrich резеңкесімен жабдықталған жаңа дисктермен келеді. Жол саңылауы басқа пикаптарға қарағанда едәуір кең.

Келешекте шығарылымы мүмкін

Киа компаниясының дизайн бөлімінің вице-президенті Карим Хабиб осындай пикаптың көптеп шығарылуы мүмкін екенін атап өтті. Егер негізгі нарықтағы клиенттер қызығушылық танытса, марка модельді өндіру мүмкіндігін қарастырады.