Subaru Outback-тың жетінші буыны Нью-Йоркте таныстырылды
Ұзақ тарихы бар универсал кроссовер кроссоверге айналды

Subaru Нью-Йорк автосалонында Outback моделінің жетінші буынын таныстырды. 30 жылдық тарихы бар универсал кроссовер түрленді. Шанағы мен интерьері жаңарды, ал моторы өзгеріссіз қалды. Сонымен қатар, Wilderness нұсқасы да ұсынылды.



Машинаның қырлы шанағы жол талғамайтын көлікке тән қасеттермен жабдықталған. Сыртқы көрінісінде екі деңгейлі оптика, ірі радиатор торы, және пластик бастырығы бар. Шатырда орналасқан рейлинг 363 келіге дейін салмақты көтере алады.
Компания әзірге өлшемдерін жариялаған жоқ. Бірақ төбе сызығы 50 мм биіктеп, салонда бос орын артқан, ал жүксалғыш көлемі 980 литрге жеткен. Стандарт нұсқасының клиренсі 220 мм, ал Wilderness түрінде 241 мм-ге жетеді. Машина құрылымы төртбұрышты болғанымен, жел шуылы 10%-ға төмендеген.


Жетінші буындағы Outback интерьерінде бұрынғы беріліс қорабы селекторы мен климат басқару жүйесіндегі батырмалар өзгеріссіз сақталған. Кроссоверге Apple CarPlay және Android Auto-мен үйлесімді жаңа медиажүйе, 12.1 және 12.3 дюймдік дисплейлермен жабдықталған.
АҚШ нарығына ұсынылған жаңа өнім, бұрынғы модельдің қозғалтқыш құрылымын сақтайды. Базалық нұсқасы 180 ат күші (241 Нм) беретін 2.5 литрлік атмосфералы мотормен жабдықталады. Ал қымбат нұсқада 260 ат күші мен 376 Нм қуат беретін 2.4 литрлік турбомотор болады. Әр нұсқа сегіз сатылы вариатор мен толық жетекті жүйемен жұмыс істейді.



Outback Wilderness тек турбоүрлемді агрегатпен жабдықталған. Оның ерекше белгілері - шанақтың алдыңғы бөлігіндегі ірі жапсырмалар мен қола түстес элементтер. Механикалық бөліміне бейімді амортизатор мен толық жетекті жүйенің жаңа параметрлері кіреді.
Кроссовердің стандартты жабдықтар тізімінде үш алдыңғы камерасы бар EyeSight электронды көмектесу жүйесі бар. Бұған дейінгі бейімді круиз-бақылау мен төтенше тежеу жүйесіне 140 км/сағ жылдамдықта рөлді босату мүмкіндігі қосылады (кей жолдарда ғана рұқсат етілген).
Subaru Outback АҚШ-та биылғы жылдың соңында сатыла бастайды. Компания техникалық сипаттамаларды сол кезде жариялайды.