АҚШ-та арзан электр пикапының тұсаукесері өтті
Slate Auto жаңа эконом класс пикап шығарды

Шанхай автосалонында АҚШ-та жаңа автоөндіруші Slate Auto өзінің алғашқы моделімен таныстырды. Бұл арзан электр пикаптың бағасы 20 мың доллар (10.3 млн теңге) деп белгіленген.
Техникалық сипаттамалары
Truck деп аталатын екі орынды пикаптың ұзындығы 4.5 метрден аспайды, бірақ жүк платформасы толық өлшемді модельдермен салыстыруға болады — 1.5 метр. Жаңа көліктің салмағы 1.6 тонна, ал 650 келі жүк көтере алады.
Дизайн мен функционалдық
Машинаның экстерьер мен салонының дизайны өте қарапайым. Салонда бөлек медиажүйе орнына смартфонға арналған бекіткіш орнатылған. Опция ретінде Bluetooth арқылы телефон қосуға болатын динамик ұсынылады. Цифрлы аспаптар панелі кішкене, сонымен қатар заманауи электрлі әйнек көтергіштен бас тартылған. Дегенмен, қауіпсіздік нормаларына баса назар аударылған: автомобильде электронды көмекшілер, стандарт және қосымша эйрбэгдер бар.

Көліктің қозғаушы күш жүйесі
Пикаптың алдыңғы аспасы тәуелсіз Макферсон типіндегі, ал артқы аспасы тәуелді «Де-Дион» схемасымен жабдықталған. Truck 201 ат күшіндегі электромотормен және 52.7 киловатт батареямен жұмыс істейді. Бұл комбинация пикаптың жүру қоры 240 шақырымға жетуіне мүмкіндік береді. Опция ретінде ұсынылатын 84.3 кВт·сағ батареяның арқасында жүру қоры 386 шақырымды құрайды. Ең жоғары жылдамдығы 145 км/сағ.
Фирмалық аксессуарлар
Модель нарыққа шыққаннан кейін компания Truck-ты бес орынды жол талғамайтын көлік етіп өзгертетін аксессуарлар жинағын, сондай-ақ түрлі шанақ жапсырмаларын ұсыну жоспарлануда.
Зауыттың орналасуы
Slate Auto көлігін АҚШ-та шығаратын болады, бірақ зауыттың нақты орналасқан жері анықталмаған.