ГАЗ-69М көлігі АҚШ-та бәссаудаға шығады

ГАЗ-69М: Тарихы мен ерекшеліктері

👁️ 10
Сурет: kolesa.kz

АҚШ-та 1966 жылғы ГАЗ-69М бәссаудаға түсті. Көлік 59 жылда бар болғаны 40 мың шақырым жүрген. Бірақ одометрі бес таңбалы болғандықтан, шын мәнінде қанша жүргені белгісіз.

ГАЗ-69М с небольшим пробегом обнаружили в США ГАЗ-69М с небольшим пробегом обнаружили в США ГАЗ-69М с небольшим пробегом обнаружили в США ГАЗ-69М с небольшим пробегом обнаружили в США ГАЗ-69М с небольшим пробегом обнаружили в США

Сатушы көліктің тарихы туралы көп ақпарат бермеді, тек биыл өзі сатып алып, 100 шақырымдай жүргенін атап өтті. Құжаттардан ГАЗ-69М 2000 жылдардың басында Испанияда болғанын көруге болады.

ГАЗ-69М с небольшим пробегом обнаружили в США ГАЗ-69М с небольшим пробегом обнаружили в США ГАЗ-69М с небольшим пробегом обнаружили в США

Соңғы иесіне өтпей тұрып, машина кішігірім реставрациядан өткен. Шанағы боялып, жаңа тент алған және алдыңғы және артқы жолаушыларға арналған орындықтардың қаптамасы ауысқан.

ГАЗ-69М с небольшим пробегом обнаружили в США

ГАЗ-69М 2.4 литрлік төрт цилиндрлі карбюраторлы мотормен жүреді. Мұндай қозғалтқыш кезінде 65 ат күші береді, ал 2.1 литрлік нұсқаның қуаты 55 а.к. шамасында болды. Агрегат 3 сатылы механикалық қораппен және 2 сатылы үлестіргішпен жұмыс істейді.

1952–1973 жылдары мұндай экземплярдың 600 мыңнан астамы жарық көрді, бірақ 2.4 литрлік моторы бар 69М және 69АМ индексті модификациялардың саны кей дерек бойынша 10.5 мыңнан аспайды. Оны өте сирек кездесетін модель деуге болады. Мақала жарияланған сәтте бағасы 10.2 мың доллардан асты.