Audi және Honda модельдері Қытайда шыққан ең сапалы бензинді кроссоверлер атанды. Бұл туралы Қытай автомобиль сапасы желісінің зерттеуіне сілтеме жасап «Китайские автомобили» хабарлады. Қытайда бірлескен кәсіпорын ашқан неміс және жапон брендтері үздік бестікке кірді.
Қытай автомобиль сапасы желісі жергілікті автонарықтың әртүрлі категориясы мен класын қамтитын бірнеше рейтинг жариялады. Соның бірі — Қытайда шыққан дәстүрлі мотормен жүретін модельдер тізімі.
Сапалы бензинді кроссоверлер тізімі
Audi Q6
Honda UR-V
Honda CR-V
Audi Q2L
Honda Avancier
Бұл сегментте Audi Q6, Honda UR-V, Honda CR-V, Audi Q2L және Honda Avancier ең сапалы деп бағаланды. Бұл кроссоверлер 140–146 айып балын жинады, сегментте орташа балл 192 болды. Машиналар жергілікті SAIC, FAW, Dongfeng және GAC компаниясымен бірлескен кәсіпорында жасалған.
Ең көп шағымдар және антирейтинг
Ең көп шағым Dongfeng Aeolus AX7 кроссоверіне түскен, ол 267 айып балын жинады. Антирейтингте екінші орынға Range Rover Evoque (263 балл) жайғасты. Соңынан санағанда үшінші орын Venucia Star-ға (259 балл) бұйырды.
Халықаралық нарықтағы кроссоверлер
Қытайдан тыс нарықта жақсы таныс кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер қатарында GAC GS8 (147 балл), Tank 500 (151 балл), Haval Dargo (161 балл) және Changan Uni-K (180 балл) жақсы нәтиже көрсеткен, ал Tank 300 173 айып ұпайын жинап, 27-орыннан көрінді.
Бензинді модельдердің орташа ұпайы (192 балл) электрокар көрсеткішінен (195 балл) жақсы, гибридтен (187 балл) нашар болды.