Абай даңғылы бойында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Алматы тұрғындарына назар!

👁️ 7
Сурет: kolesa.kz

Алматы қаласының әкімдігі жол бөлігіне асфальтбетон төсеу үшін қозғалысты уақытша шектейтіндігін хабарлады. 20 мамыр күні, сағат 23:00-де Абай даңғылының Алатаудан Строительная көшесіне дейінгі бөлігін жабу жұмыстары басталады. Жол жөндеу жұмыстары 23 мамыр, сағат 16:00-ге дейін жалғасады. Осы кезеңде көшенің бұл бөлігінде көліктердің қозғалысы шектеледі.

Сондай-ақ, 22 мамыр күні, сағат 23:00-ден 27 мамыр, сағат 16:00-ге дейін Абай даңғылының Қ. Медеубеков көшесімен қиылысатын учаскесінде де жол жабылады. Жабылған жерді айналып өту үшін:

  • Қараманов көшесін пайдалану;
  • Грушовая, Виноградов көшелері бойымен қозғалу;
  • Строительная көшесімен оңтүстік және солтүстік бағытта айналып өту.
20 мамырдан бастап Алматыдағы Абай даңғылына батыс жақтан кіру мүмкін болмайды

Алматы қаласының әкімдігі Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзартуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта 600 метрлік бөлікте жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жолдың жалпы ұзындығы 5.3 шақырымды құрайды.