Райымбек даңғылы бойындағы абаттандыру жұмыстары басталды

Жол жиегін абаттандыру бойынша жүргізілетін жұмыстар мен қозғалыс шектеулері

👁️ 9
Сурет: shutterstock.com/EvgenProzhyrko

Әкімдік Райымбек даңғылы бойындағы жол жиегін абаттандыру жұмыстарының басталғанын хабарлады.

Абаттандыру мына мекенжайларда жүргізіледі:

  • № 348/1-үйден № 451а-үйге дейін — Aspara және Zeinet бизнес орталықтарының маңындағы тұрақтың асфальтын қыру және плитка төсеу;
  • Розыбакиевтегі көпірден Брюсов көшесіне (аллея бойымен) дейін және Крыловтан Брюсовқа (солтүстік бөлігі) дейін — тротуар салуға дайындау, тас төсеу;
  • Розыбакиев көшесіндегі көпірден Тұрғыт Озалға дейін және Брусиловский көшесінен Тілендиевке (оңтүстік бөлігі) дейін — жиектас орнату және көгалдау;
  • Байзақовтан Галилейге (№ 206/2-206-үйлер) дейін — жиектас, арық орнату және тас төсеу;
  • № 172-үйден № 176-үйге (оңтүстік бөлігі) дейін — тротуар жиектасын орнату және плитка төсеу;
  • Райымбек пен Сейфуллин қиылысынан (Abdi дүкенінен) ZETA сауда үйіне дейін — арықтар, тротуарлар және жиектастарды жөндеу;
  • Панфиловтан Абылай ханға дейін және Чайковский көшесінен Желтоқсанға (оңтүстік жағы) дейін асфальт қыру, жиектастарды алу, автобус жолағын дайындау жұмыстары жүріп жатыр.

Уақытша қозғалыс шектелуі мүмкін. Сондықтан, жүргізушілер өз бағыттарын алдын ала жоспарлағаны жөн.