Биыл ақпаннан бастап газ бағасы көтерілетін болды

Энергетика министрінің шешімі және өңірлердегі жаңа бағалар

👁️ 10
Сурет: kolesa.kz

1 ақпаннан бастап еліміздегі газ бағасындағы өзгерістер іске асады. Бұл жайында 29 қаңтар күнгі энергетика министрінің бұйрығында мәлімделді. Аймақтардың ерекшеліктеріне байланысты газ бағасы 6-21 теңге аралығында көтеріледі. Мәселен, Алматыда 89 теңгеден 102 теңгеге, ал Маңғыстау облысында 59 теңгеден 65 теңгеге өседі. Сонымен қатар облыс орталығынан 200 шақырымнан артық қашықтағы шалғай аудандарда көгілдір отынның құнына 5 теңге қосылатыны айтылған.

Ақпаннан бастап газдың бөлшек саудадағы шекті бағасы төмендегіше анықталады:

  • Алматы — 102 теңге (бұрын 89 теңге);
  • Астана — 102 теңге (бұрын 84 теңге);
  • Шымкент — 90 теңге (бұрын 70 теңге);
  • Ақтөбе облысы — 77 теңге (бұрын 59 теңге);
  • Атырау облысы — 77 теңге (бұрын 59 теңге);
  • Ақмола облысы — 102 теңге (бұрын 84 теңге);
  • Алматы облысы — 102 теңге (бұрын 89 теңге);
  • Шығыс Қазақстан облысы — 102 теңге (бұрын 84 теңге);
  • Жамбыл облысы — 90 теңге (бұрын 78 теңге);
  • Батыс Қазақстан облысы — 77 теңге (бұрын 70 теңге);
  • Қостанай облысы — 102 теңге (бұрын 84 теңге);
  • Қызылорда облысы — 90 теңге (бұрын 70 теңге);
  • Қарағанды облысы — 102 теңге (бұрын 84 теңге);
  • Маңғыстау облысы — 65 теңге (бұрын 59 теңге);
  • Павлодар облысы — 102 теңге (бұрын 81 теңге);
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 102 теңге (бұрын 89 теңге);
  • Түркістан облысы — 90 теңге (бұрын 70 теңге);
  • Абай облысы — 102 теңге (бұрын 84 теңге);
  • Жетісу облысы — 102 теңге (бұрын 84 теңге);
  • Ұлытау облысы — 102 теңге (бұрын 84 теңге).

Сонымен бірге, 30 қаңтардан бастап, билік бензин мен дизель өнімдерінің бағасын реттеуден бас тартатынын жариялады. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, болашақта жанармай бағасы Ресейдегі деңгейімен теңелуі мүмкін. Жақында АИ-92 бензинінің бағасы 5 теңгеге көтерілетіні де белгілі.